«Тікелей барлау ұйымы» (The Site Intelligence Group) жексенбі күні таратқан мәліметінде, «әл-Каида» тобының Араб түбегіндегі лидері Кассим Римидің өлгенін растады, сондай-ақ, аталған террорлық топтың Йемендегі жаңа жетекшісі Халид Батафи деп жария етті.
Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп ақпанның бас шенінде Йемендегі әскери операция кезінде сол өңірдегі «әл-Каида» жетекшісі әл-Римидің өлтірілгенін мәлімдеген еді. Бұған қоса Құрама Штат үкіметі «әл-Каиданы» Араб түбегіндегі ең қауіпті топтардың қатарында санайды. Трамп мәлімдемесінде аталған топтың Йемендегі мүшелері АҚШ әскерлеріне бірнеше рет шабуыл жасаған.
Әл-Рими өзі мүше болған террорлық топ ішінде жоғары беделге ие, 2006 жылы ақпан айында Йеменде террорлық топқа қарсы жүргізілген қарулы операцияда 23 жақтасымен бірге аман құтылып кеткен. Ол Йемендегі бірқатар террорлық шабуылдарға қатысы бар деп танылған. АҚШ үкіметі әл-Рими туралы анық мәлімет берушіге 10 млн доллар сыйақы да жария еткен.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау