Коронавирус тараған лайнер экипаждары эвакуацияланып жатыр. Жолаушылар қатарында қазақстандықтар да бар.
5 ақпанда Жапония жағалауында круиздік лайнердің карантинге қойылғаны хабарланды. Себебі бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.
Лайнердегі жолаушының жалпы саны – 3 700 адам. Үш күннен кейін вирус жұқтырғандар саны 70-ке жетті, ал 10 ақпанда 130 адамның ауырып қалғаны белгілі болды.
Жапонияның денсаулық сақтау министрлігі 12 ақпанда тағы да 39 адамның ауруға шалдыққанын хабарлады. Соңғы деректерге сәйкес, круиздік лайнерде 455 адам індетке шалдыққан.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғандар ішінде қазақстандықтардың жоқ екенін айтты. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді лайнерде 4 азаматымыздың бар екенін хабарлады. Қазіргі уақытта кемеде болған төрт қазақстандық елге оралған.
Айта кетейік, Ошағы Қытайдан басталып әлемге тараған қатерлі коронавирус індетінен 2619 кісі көз жұмып, 79,3 мың адам жұқтырған. Қытайдан тыс жерде: Филиппин, Гонконг, Жапония, Франция, Италия, Тайвань, Оңтүстік Корея және Иранда 27 адам вирустан айыға алмай, көз жұмған. Бүгін белгілі болған дерекке сәйкес, 79 341 адам инфекция жұқтырып, 1868 науқас вирустан қайтыс болғанын хабарланды.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті