Бүгін Алматының «Астана» алаңында «Демократиялық партия» құруды көздейтін бастамашыл топ өкілдерінің бір бөлігін полция ұстаған. Қазір алаңдағы тілшілеріміз белсенді Жанболат Мамайдың әйелі, журналист Инга Иманбайдың босатылғанын хабарлады.
Таңертең алаңға бағыт алған 70 шақты белсендінің ұсталғаны мәлім болды. Олар «Жанболат Мамайға бостандық!» деп ұрандатты. Алаңдағы «Әлия-Мәншүк» ескерткіші алдына жиналған топ өкілдері билікті сынға алған болатын. Саясаткер Төлеген Жүкеев: «Билік партияны тіркетпеу үшін бар амалды жасап отыр, мұның барлығы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен жасалып жатыр. Тоқаевта билік жоқ, халықты көшеге шығармау арқылы билік режимнің өмірін созғысы келеді», – деді.
22 ақпанға қараған түні бастамашыл топ жетекшісі Жанболат Мамайды әкімшілік сот «рұқсат етілмеген митингіге шақырды» деген айыппен үш тәулікке қамады.
Демократиялық партия құрушылар бүгін, яғни 22 ақпанда партияның алғашқы съезд өткізуді жоспарлаған. Алайда, өңірлердегі партия мүшелерінің, белсенділерінің ұсталып жатқанын алға тартып, съезд өткізуден бас тартты және оның орнына бейбіт шеру өткізетіндерін жариялаған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді