ҰҚК-нің шекара қызметі баспасөз өкілдігінің хабарлауынша, Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы «Қордай» көпбағытты кеден бекеті жөндеу жұмысына байланысты 20 ақпаннан бастап жабылмақ.
Бекетті қайта қалпына келтіру жұмысы қашан аяқталары әзірге белгісіз.
«20 ақпаннан бастап қазақстандық тараптан «Қордай», ал қырғызстандық тараптан «Ақ жол» өткізу бекеті жабылады. Ол жерде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз», а – деді шекара қызметі баспасөз қызметінің басшысы Қанатбек Сұлтанов.
Екі елдің азаматтарына күн сайын таңғы 06.00-ден түнгі 00.00-ге дейін шекарадан жаяу өтуге рұқсат етіледі. Алайда олар тек қол жүгін алып өте алады.
Жөндеу жұмыстарынан кейін «Қордайда» ұзын-сонар кезек азайып, қазақстандықтар үшін шекарадан өту жеңілдей түспек. "Қордай" автокөлік өткізу бекеті Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылдық округінің аумағында орналасқан.
Қазір екі ел арасында 11 автокөлік өткізу пункті бар. Олардың бесеуі – көпжақты халықаралық, ал алтауы – екіжақты.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр