Қазақстан президенті Тоқаев соңғы кездері ел көлеміндегі атышулы оқиғаның ошағына айналған Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовті қызметінен босатып, орнына экс-вице-премьер Бердібек Машбекұлы Сапарбаевты тағайындады.
7 ақпан кешкі сағат 19:00-де Қордай ауданының Масаншы ауылында 70-тен астам адам төбелесі болған. Әлеуметтік желіде тараған жанжалдың видеосын көрген өзге аймақтағы 300-дей азамат оқиғаға араласқан. Жаппай төбелесте екі жақ бір-біріне тас лақтырып, таяқ-қару қолданған. Салдарынан 8 адам көз жұмып, 40-тан көп кісі жараланған.
Бүгін түсте астанада өткен Орталық коммуникация қызметіндегі брифингте ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың мәлімдеуінше, қазір бірнеше «бұзақылық» және «кісі өлтіру» баптарымен іс қозғалған. Әзірге анықталған деректерге қарағанда, қазақ-дүнген қақтығысында 36 тұрғын үй, 11 коммерциялық нысан, 44 автокөлік өртеніп, 40-қа жуық үйдің терезелері қираған. Оперативті топтың жұмысы нәтижесінде, 47 күдікті ұсталып, оның екеуінен қару құралы тәркіленген болатын.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді