Кеше, ақпанның 6-сы «Қазпошта» ұлттық компаниясы Қытаймен хат алмасудың барлық түрін тоқтатты.
Компания шектеу шарасын Қытайдың пошта әкімшілігінің бастамасымен байланыстырады. Соңғы мәлімет бойынша, көптеген шектеуге себеп болып отырған коронавирус қатерлі індетінен 637 адам көз жұмып, жұқтырушылар саны 31211 кісіге жеткен.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Қытайдан келетін хаттар мен сәлем-сауқат арқылы коронавирус жұқпайды деп мәлімдеген. ..Ұйым коронавирус ағзадан тыс ортада дамымайды, сол себепті жұқтыру қаупі жоқ дейді. Қытайдың пошта әкімшілігінің бастамасы бойынша Қытай мен Қазақстан арасында пошта байланысы, көлік, әуе, темір жол байланысы үзілді» делінген хабарламада.
Пошта байланысына жауапты қазақстандық оператор Қытай ғана емес, Қытай арқылы баратын елдерге де (Бангладеш, Бруней, Бутан, Мьянма, Камбоджа, Малайзия, Моңғолия, Непал, Лаос, Солтүстік Корея, Таиланд, Шри-Ланка, Филиппин, Тайвань) тапсырыс қабылдамайтынын айтады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел