Түрік билігі Сүрияның терстігіндегі жеті айға созылған "Евфрат қалқаны" деп аталатын әскери операциясының нәтижелі болып аяқтағанын жариялады деп хабарлайды Би-Би-Сидің қырғыз қызметі.
Бұл туралы түрік премьер министрі Бинали Йылдырым ұлттық қауіпсіздік кеңесінде айтты.
Премьер министр жаңа операция туралы, көрші ел аймағында түрік әскерлерінің енді қанша уақыт тұратыны жайында ешнәрсе айтпады.
"Евфра қалөаны" операциясы сәтті аяқталды. Бұдан кейінгі операциялар басқаша аталатын болады" деп мәлімдеді Йылдырым.
Түрік әскерилер қолдаған Сүриялық кейбір оппозициялық топтар бірқанша қалаларды өз бақылауларына алғандығын растады.
Түркия әскери операцияны өткен жылдың 28 тамызында бастаған.
Радикалды дини топтарды өз шекарасыан алыстату және күрд топтарның шабуылын тоқтату масатында операция бастаған еді.
“The Qazaq Times”