АҚШ-тың мемлекеттік департаменті сейсенбі күні Ухань қаласынан шамамен 230 америкалық азаматты чартерлік рейспен құрама штаттарына эвакуацияламақ.
Ресми мәліметтер бойынша, қазір Уханьда мыңға жуық АҚШ азаматы бар. Еліне оралатындардың арасында дипломаттар мен олардың отбасылары бар. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ұшақ Уханьның жабық әуежайына қонып көп ұзамай кері қайтатын болады.
2019 жылдың желтоқсанынан бастап Қытайда белгісіз коронавирустың таралуынан кейін ел билігі Хубэй провинциясындағы он қаланы карантинмен жапты. бір тәуліктің ішінде Қытайдың 30 провинциясында, автономды аудандарында және қалаларында ауру жұқтықтарғандар саны 1771 адамға өсті. 515 науқас ауыр халде жатса, 26 адам көз жұмды (Хубэй провинциясында – 24, Бейжіңде – 1, Хайнаньда – 1). 9 науқас ауруханадан шығарылды, 2077 адам жаңа коронавирус жұқтырды деген күдікке ілікті. Соңғы деректерге сәйкес, Қытайда коронавирусқа шалдыққандар саны 4515 адамды құрады. Одан 106 адам қаза тапқан.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел