Америкалық Facebook компаниясының басшылығы коронавирустың өршуіне байланысты өз қызметкерлерінің Қытайға сапар шегуіне шектеу қойды.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, бұл шаралар 27 қаңтарда күшіне енген. Егер компания қызметкерінің міндетті түрде Қытайға баруы керек болса, онда ол арнайы рұқсат алуы қажет. Сонымен қатар компания қытайлық штаб-пәтерінде жұмыс істейтін қызметкерлері мен жақын арада Қытайға барып келген қызметкерлеріне үйден жұмыс істеуде рұқсат берді.
2019 жылдың желтоқсанынан бастап Қытайда белгісіз коронавирустың таралуынан кейін ел билігі Хубэй провинциясындағы он қаланы «карантинмен жауып» тастады. Осы аптада бір тәуліктің ішінде Қытайдың 30 провинциясында, автономды аудандарында және қалаларында ауру жұқтықтарғандар саны 1771 адамға өсті. 515 науқас ауыр халде жатса, 26 адам көз жұмды (Хубэй провинциясында – 24, Бейжіңде – 1, Хайнаньда – 1). 9 науқас ауруханадан шығарылды, 2077 адам жаңа коронавирус жұқтырды деген күдікке ілікті. Соңғы деректерге сәйкес, Қытайда коронавирусқа шалдыққандар саны 4515 адамды құрады. Одан 106 адам қаза тапқан.