«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа алған Қазақстан әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен, қолжетімді бағадағы шетелдік көліктерді барын сарқып сатып алған жүргізушілердің «тіркеуді жеңілдету» талабына қарамастан, төлем тарифін бұрынғыша қалдырды. Ал кейбір көлікті тіркеу құны көлітің бағасынан асып түседі.

Ішкі істер министрлігінің мамандары Арменияға барып, қазақстандықтардың көлікті қалай сатып алғанын біліп елді «қайран қалдырды». Вице-министр Марат Қожаевтың айтуынша, Армениядан Қазақстанға шамамен 22 мыңнан астам көлік әкелінген. Оның сөзінше, «қазақстандықтар көлік сатып аларда ортақ тәртіпті бұзып жатқанын білген-міс».

«Қазіргі таңда  мамандар Арменияға кім барғанын және көлікті қалай сатып алғанын анықтап жатыр. Осы орайда маңызды бір мәселені айта кетейін. Бүгінде көлік алғандар өз наразылығын білдіріп жатыр. Не істеп жатқанымызды білмедік дейді. Өкінішке қарай, олай емес», – дейді Қожаев.

Министрлік өкілдері армян әріптестерімен бірге «Қазақстан жүргізушілері ондағы көліктер тек Армения азаматтарына ғана арналғанын білген» біле тұра жеткізгенін анықтапты. «Бұл – Еуразиялық экономикалық одақтың талабы» дейді. Сондай-ақ министрдің оң қолы өз сөзін:

– Олар өз төлқұжатымен емес, Армения Республикасында тұрақты тіркеуге тұру арқылы көлік сатып алған. Соған заңсыз анықтама жасатқан. Осының өзі бәрін біліп тұрып істегенін көрсетсе керек. Сол арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасын айналып өтеміз деп ойлады. Бірақ олай болмайды. ...Техникалық регламентке сай емес көліктерді пайдалануға жол бере алмаймыз, – деп түйіндеді.

Ал Қырғызстанда сатып алынған көліктердің саны – шамамен 15 мың дана. Басым бөлігі сенімхатпен сатылған. Ресейден келген көліктер де солай. Сонымен қоса елімізде жүрген армениялық көліктердің 10%-ға жуығы оң жақ рөлді көрінеді. Тиісінше заңнамада мұндай модельге тыйым салынған.

Ал жүргізушілер мыңдаған көлікті елге кіріп жатқанда биліктің дер кезінде тоқтау салмауын жауапты органдардың қателігі деп санайды. Жыл басталғалы бері елдің 10 шақты қаласында наразылық өткізген шетелдік көлік иелері «тіркеудің қалтаға салмақ түсіретінін», тіпті «тіркеу сомасы көлік бағасынан асып түсетінін» айтып шағынады. Азаматтар тіркеу рәсімін жеңілдетіп, өздерін кінәлі деп тануды тоқтатуды сұрады.

ІІМ мәліметі бойынша, көлікті есепке қою 500 мыңнан 4 млн теңгеге дейін шығындалу қажет. Кеше Маңғыстауда өткен автокөлік жүргізушілерінің кезекті бір шеруінде жиналғандар:

– Біз салық төлеуге дайынбыз, бірақ тіркеу қымбат. Ел президенті Тоқаевтың автокөліктерді 2021 жылдың наурызына дейін уақытша тіркеу туралы мәлімдемесі біздің проблеманы шешпейді. Неге мемлекет басшысы халыққа қарсы келеді? Бізде көп ақша жоқ! Өйткені Серік Жұманғарин (Еуразиялық экономикалық одақтың бәсекелестік бойынша блог алқасының мүшесі – ред.) Армения Еуразиялық одаққа мүше деді. Сондықтан біз сол жерден көлік әкеле бастадық, – деді.

;feature=emb_title

27 қаңтар Орал қаласының жүргізушілері жиналып, билік өкілдеріне 6 мәрте митинг үшін берген қтінімді кері қайтарғанын айтты. Сондай-ақ олар 30, 31 қаңтар және 1, 2 ақпан күндері бейбіт жиын өткізуге тағы да 4 өтініш жасады.

Қаңтардың 24-і үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев халық арасында ушыға бастаған шетелдік нөмірі бар көліктердің мәселесін шешу үшін оларды 2021 жылдың 1 наурызына дейін уақытша тіркеуді тапсырды. Десе де 2021 жылдың 1 наурызына дейін кедендік баж салығы мен утилизация алымын төлеп, көлікті тұрақты тіркеуге қоюды тапсырды. Ешқандай жеңілдік берілген жоқ.

Ел ішінде әлеуметтік (еңбек дауы, АӘК алушылар мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналар), саяси (азаматтық қоғам мен оппозиция), наразылық үдеп тұрған тұста билік мыңдаған көлік иесіне шығын жағынан қолдау танытпады.

"The Qazaq Times"