Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Жоспар бойынша, ел президенті Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселесн талқыламақ.
Сапар барысында БАӘ іскерлік топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған. Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қаңтарда Дубайда Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті, премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездеседі, сондай-ақ, Дубай Халықаралық қаржы орталығына (DIFC) барады.
2018 жылы БАӘ мен Қазақстанның сауда айналымы 490 млн АҚШ долларын құраса, 2019 жылдың қаңтар-қараша аралығында 500 млн АҚШ долларынан асқан. Сонымен қатар, екі ел арасында қол қойылған Инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімнің арқасында инвесторлар ұзақ мерзімді тұрақтылықпен қамтамасыз етілді. Осы уақытқа дейін еліміздің экономикасына Әмірліктерден тартылған тікелей инвестициялар көлемі 2,1 млрд АҚШ доллардан асты. Осы жылдың маусым-шілде айларында құрылысы толығымен аяқталатын «Әбу Даби Плаза» көпфункционалдық кешені жобасына әмірліктер тарапы 1,2 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел