1-2 ақпан аралығында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Қазақстандағы ресми іссапары өтеді.
ҚР Сыртқы істер министрлігі жариялаған хабарламада: «2020 жылғы 1-2 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның Нұр-Сұлтан қаласына сапары жоспарлануда. Сапар аясында М. Помпеоның мемлекет басшылығымен және ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесулері қарастырылған. Кездесулерде екіжақты және өңірлік ынтымақтастық, сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланады», – делінген.
Помпео астанаға 5 қаңтарда келуі тиіс еді. Мемлекеттік хатшы республика президентімен кездесіп, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылауды жоспарлаған. Бірақ АҚШ пен Иран мәселесіне байланысты Помпеоның Украина, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан және Кипрға жоспарлаған сапарын кейінге қалдырылды.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті