Бүгін елордада президенттің қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер кабинеті мен премьер-министрге бірқатар ескерту жасап, тапсырма жүктеді.
«Құрметті жиынға қатысушылар. Бүгін өздеріңіз көріп отырсыздар, берілген тапсырмалардың тиісті деңгейде орындалмағанына сөгіс жариялаған жоқпын. Бірақ кемшіліктер жетерлік. Мысалы, өз сөзімде айтқандай, халық тұтынатын ең қажетті тауарлардың бағасын өсіріп жібергені үшін қатаң шаралар қолдануа болар еді. Жалпы алғанда сөгіс беру жақсы нәтижеге жетудің аса тиімді жолы емес. Бұл менің нақты ұстанымым. Сондықтан үкімет мүшелері және әкімдерге кемшілікті түзетуге мүмкіндік беріп отырмын. Сол себепті бүгінгі жиын барысында берілген тапсырмаларды зор жауапкершілікпен орындау қажет. Көктемде бұл мәселеге қайта ораламыз. Сол кезде түрлі себептерге байланысты өздеріне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмағандарды қызметінен босату жөнінде нақты шешім қабылдаймыз. Алдымызда ауқымды міндеттер тұр», – деді президент Тоқаев.
«Бюджеттік саясаттың тиімділігін тыңғылықты зерделеу қажет. Мен имидждік іс-шараларға бюджет шығыстарын қысқартуды тапсырған едім. Үкімет шығыстарды 300 млрд теңгеге оңтайландырды. Дегенмен, мұны мәселені шешудегі алғашқы қадам деп санаймыз», – деді Қазақстан Президенті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы дәл осындай жұмысты квазимемлекеттік секторда да жүргізу қажеттігін атап өтті. «Өнімсіз шығыстарды қысқартуға бағытталған дәл осындай жұмысты квазимемлекеттік секторда да жүргізу қажет. Үкіметке 2020 жылдың 1 мамырына дейін атқарылған жұмыстарды баяндауды тапсырамын», – дедіҚасым-Жомарт Тоқаев.
«Реформаларды жүзеге асыру қарқыны баяу жүріп жатқанын мойындау керек. Сондықтан еліміздің экономикасы үшін реформалардың бағдарламаларын әзірлеу маңызды деп санаймын. Бізге негізгі проблемаларды шешуге әсер ететін жаңа экономикалық бағам қажет. Реформаларды жүзеге асыру үшін шешім қабылдай білу қажет. Сондықтан мен үкіметті шешім қабылдауға шақырамын», – деді президент.
Мемлекет басшысы бүгінгі жиын барысында берілген тапсырмаларды зор жауапкершілікпен орындау қажеттігін ескертті. Тоқаев мемлекеттік аппараттың шешімді баяу қабылдайтынын айтып өтті. «Бұлай жұмыс істеуге болмайды. Реформаларды жүзеге асыру керек. Президент шенеуніктерді дұрыс әрі жылдам жұмыс істеуге мәжбүрлеп, бақылаушы ретінде жүре алмайды. Премьер-министр де мұндай қарқынмен жұмыс істемеуі қажет. Оның алдында мүлде басқа міндеттер тұр. Сол себепті мемлекеттік аппарат өз жұмысын тиімді әрі жедел атқарып отыруы керек», – деді мемлекет басшысы.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді