АҚШ жергілікті уақыты 28 наурыз Ақ үй баспасөз хатшысы Спайсер кезекті журналистерді қабылдағанда, баспасөз мәслихатына қатысқан журналистер АҚШ-Ресей қарым-қатынасы туралы сұрақтарды жаудырды. Алайда, журналистер Ақ үйдің ресми өкілінен жарытып жауап ала алмады. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық агенттігінің ресми сайтында жарияланған болатын.
Ресейлік «РИА Новости» ақпаратының сол күнгі баспасөз жиыны туралы хабарында, АҚШ пен Ресей қарым-қатынасы туралы сөз бастап: « Трамп үкіметінің билікті қолына алғалы екі айдан асты, естуге қарғанда осыған дейін Ресеймен арада бір қатар оқиғалар болыпты. Ал бұның ...», – дей берген америкалық журналистің сөзін Спайсер күтпеген жерден бөліп жіберіп, бірден: «Ондай істер болған жоқ», – деп үзілді-кесілді жауап берген. Осыдан кейін сөзін ары қарай жалғамақ болған журналистің сөзін екінші мәрте бұзған Спайсер: «Трамп командасы мен Ресей арасында мұндай істер болған жоқ», – деген сөзін қайталаған. Бұдан соң дауды тақырыпты бастаушы журналист пен Ақ үй өкілінің арасында сөз таласу туылған. Кезегінде басқа сұрақтарды да қоймақшы болған бұл журналист, Ақ үй өкілі жағынан қайта-қайта тойтарысқа ұшыраған.
Спайсер журналистке: «Егер сіз Трамп үкіметі мен Ресей арасындағы қарым-қатынас аспектілері туралы жауап алмақшы болсаңыз, келесі баспасөз конференциясын күтіңіз, немесе бұған жол берілмейді, – дей келіп, АҚШ президенті барлық ынтымақтастық қарым-қатынасқа ұмтылады», – сөзін сыпайы жауып қоя салған.
Бұл даудың тууына осыдан бұрынғы бірнеше америкалық баспасөздерді Трамп пен Ресей арасындағы байланыс, ол сайлауда жеңуден бұрын қалыптасқан, АҚШ Сенаты мен Өкілдер палатасы, Орталық барлау комитеті қатысты тексеруді бастап отыр деген сөздерді жариялауы себеп болған еді. Ресей жағы бұл болжамдарды негізсіз деп көрсеткен. Ал, журналистердің қарша бораған сұрақтарына Ақ үй дәлелді жауап беруге шарасыз отыр.
“The Qazaq Times”