Мемлекет басшысының жарлығымен 2019 жылдың 30 шілдесінен бері Шымкент қаласының әкімі болған Ерлан Қуанышұлы Айтаханов қызметінен босатылды. Оның орнына Мұрат Әйтенов тағайындалды.
Президент Тоқаетвың жарлығымен және қалалық мәслихаттың келісімімен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды. Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов 1981 жылы 30 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында дүниеге келді. 2004 жылы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін «заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған. 2006-2008 жылдары – «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі. 2008-2010 жылдары – ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы. 2010-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2012-2013 жылдары – осы басқарманың ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі. 2013-2016 жылдары аппарат басшысы лауазымына тағайындалды. 2017-2019 жылдары ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары, 2019 жылғы желтоқсаннан бері Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді