Мемлекеттік құрылымдар арасында ұсталуы біраз құпияланып, артынан белгілі болған Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов екі айға қамауға алынды. Шешім Павлодар облыстық мамандандырылған тергеу сотында қабылданды.
«Бақауовты екі айға қамауға алу шарасы санкциялансын. Қамауда ұстау мерзімі ұсталған уақытынан бастап есептелсін», - деді мәжіліс барысында судья Балтабай Дүнбекбаев.
Болат Бақауов Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша қылмыс жасады деген айыппен күдікке ілініп отыр.
Аталмыш баптар өзіне және өзге азаматтар мен ұйым үшін пайда табу мақсатында қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану дегенді білдіреді. Мұндай қылмыс жасағаны үшін мал-мүлкі тәркіленіп, 5-тен 10 жылға дейін сотталады және қандай да бір лауазымды атқаруға тыйым салынады.
Прокурор Рустам Сәдуақасов соттан Болат Бақауовты екі айға немесе 16 наурызға дейін қамауда ұстауды сұрады. Себебі облыстың экс-әкімі бостандықта жазадан қашып кетуі немесе тергеу жұмыстарына кедергі келтіруі мүмкін. Ал Болат Бақауов өзіне тағылып отырған айыппен келіспейтінін айтқан.
Бұған дейін ҚР ҰҚК Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлаған болатын.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті