ЕО Иранмен Таяу Шығыстағы ахуалды және ядролық келісімді талқылады.
Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Иранның сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен кездесті. ВВС-дің хабарлауынша, басқосу Үндістандағы «Райсин диалогы - 2020» халықаралық конференциясы аясында өткен.
Тараптар Теһранның ядролық бағдарламасы мен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады. Еуроодақ өкілі аймақтағы шиеленісті тоқтатуға үлесін қосуға ниетті екенін жеткізді.
31 желтоқсанда АҚШ-тың Бағдаттағы елшілігі алдында наразылық шарасы болып, шерушілердің алды елшілік ғимаратына шабуылдаған. Ислам революциясы сақшылар корпусының «Құдс күштері» арнайы жасағының қолбасшысы Сүлеймани 3 қаңтарда Бағдаттағы АҚШ-тың әуе шабуылы кезінде мерт болған. Кейіннен Иран ядролық келісімнен шығатынын мәлімдеді.