Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы кезеңі басталды. 16-20 қаңтар аралығында 95 мыңнан астам үміткер ҰБТ тапсырады.
Негізінен тест тапсыру форматы өзгерген жоқ. Бірақ биылдан бастап жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі (қаңтар, наурыз, маусым және тамыз). Оқуға түсушілер білім гранты конкурсына қатысу үшін маусымда өтетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет. ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттар 2019 жылы 1-15 желтоқсан аралығында бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы қабылданды. Нәтижесінде, ҰБТ-ға қатысуға 95 мыңнан астам адам өтініш берді. Оның ішінде 75 520 оқушы тестілеуді қазақ тілінде, 22 744 бала – орыс тілінде және 176 бала ағылшын тілінде тапсырады.
Тест тапсыру кезінде өңірлерге ҚР Білім және ғылым министрлігінің 447 өкілі жіберіледі, апелляциялық комиссиялар құрылады, медициналық көмек көрсету бекеттері ұйымдастырылады және тестілеу барысындағы қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, қажет болған жағдайда жеке көмекшілер, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған сурдоаудармашылар ұсынылады. Жергілікті жерлерде ҰБТ ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік комиссиялар құрылған. Мемлекеттік комиссия құрамына облыстар немесе республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кірді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді