Өскеменде жоғары деңгейдегі ауаның ластануы тағы да қайталанды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК облыстық филиалы хабарлады.
8-13 қаңтар аралығында Өскемен қаласында ауаның жоғары деңгейдегі ластануы тіркелген. Нақты айтқанда, зиянды заттардың рұқсат етілген концентрациясы төмендегідей өскен:
– көміртегі тотығы – 4,1-ге дейін;
– азот диоксиді – 2,1-ге дейін;
– күкірт диоксиді – 1,8-ге дейін;
– күкіртті сутек – 4,8 -ге дейін артқан.
31 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейінгі аралықта Өскеменде жоғары деңгейдегі ауаның ластануы тіркелген.
Ауа ластануы салдарынан қоғамға келер зиян орасан. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарайтын болсақ, «жансыз жендет» аталатын ластанған ауа жылына 7 млн адамның жанын жалмайды екен. Яғни, ауаның ластануынан келіп шыққан ауырулар әр жылы осынша адамның көз жұмуына себеп болады.
Осыған дейін ластанған ауада дем алу тыныс жолы ауруларына шалдықтырады және адамның ерте қартаюы мен жасына жетпей алжып қалуына себеп болады делініп келген. Алайда, жаңа зерттеулер ауаның ластануынан келетін қатерлердің біз ойлағаннан да көп екенін көрсетті.
Кезекті зерттеуді ғалымдар 2010-2014 жылдар аралығында он жастан жоғары адамдар арасында 24 математикалық сұрақ, 34 танымдық сұрақ қою арқылы жүргізген. Нәтижесінде, лас ауада жасаған адамдардың барған сайын танымдық, ойлау қаблеттері төмендеп, білім-қабілеті әлсірейтіні белгілі болған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел