Өскемен қаласының 19-шы шағын ауданындағы мемлекеттік бағдарламамен көпқабатты үйлер салынатын жер телімдері біраз уақыт көлемінде заңсыз сатылған. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов хабарлады.
Жер телімдерінің заңсыз сатылғандығы шағын ауданда салынып жатқан тұрғын үйлердің жобасымен, жай-жапсарымен аймақ басшысы танысуға барғанда анықталды. Шағын аудандағы тау етегіне салынған тұрғын үйлер сапасы да сын көтермейді. Мәлім болғандай, ықшам ауданның миллиардтаған қаржы жұмсалып инфрақұрылымы тартылған жер телімдері жеке кәсіпкерлер қолына өткен. Қатарында әлеуметтік нысандарды салуға арналған учаскілер, жалдамалы тұрғын үйлер салынады деп жоспарланған жер телімдері де болған.
Заңсыз әрекеттер анықталғаннан кейін Даниал Ахметов: «Бұған жауаптыларды табу керек. Жер телімдері қай қала әкімі кезінде сатылып кеткендігін анықтауымыз қажет. Одан кейін, шағын ауданның жобасын жасаған институттар да тексерілуі тиіс», – деп мәселені реттеуге бұйрық берді. Әзірге, инфрақұрылым қаржысынан пайда көріп, заңсыздыққа барғандар анықталған жоқ.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел