АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Америка мен Иран мәселесіне байланысты Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды.
Мемлекеттік департаменттің сайтында жарияланған хабарламада: «Майк Помпео Украина, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан және Кипрға жоспарлаған сапарын кейінге қалдыруға мәжбүр. Өйткені ол Вашингтонда болуы керек, Ирактағы жағдайды бақылап, Таяу Шығыстағы америкалықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиіс», – делінген.
Помпео Қазақстанға қаңтардың басында келуді жоспарлаған еді. Мемлекеттік хатшы республика президентімен кездесіп, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылауды жоспарлаған.
31 желтоқсанда АҚШ-тың Бағдаттағы елшілігі алдында наразылық шарасы болып, шерушілердің алды елшілік ғимаратына шабуылдаған. Америка бұл наразылықтың артында Иран тұр деп есептейді. Наразылық АҚШ күштерінің Ирактағы және Сүриядағы шабуылында шиит мұсылмандары қаза тапқаны туралы мәлімет тараған соң тұтанған еді. 8 қаңтарда Иран АҚШ-тың Ирактағы бірқатар нысандарын зымыранмен атқылады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді