Ирандағы үкіметке қарсы наразылық ереуілдері кеше үшінші күнге жалғасқан болатын. Елдегі беделді университеттердің студенттері наразылық кезінде елдің ислам режимін ашық айыптады. Наразы жұрт қазіргі рухани көсемдері аятолла Хоменейдің биліктен кетуін талап етуде.
Бұл наразылық шарасы Иран әскерилерінің Украинаға тиесілі ұшақты кездейсоқ атып алғанын мойындағаннан кейін басталды. Бастабында Иран үкіметі ұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болды деп келген еді. 3 күннен кейін Иран әскерилері 176 жолаушы отырған ұшақты абайсызда атып құлатқандарын мойындады. Украинаның жолаушылар ұшағы әуеге көтерілуден сәл ғана бұрын Иран қарулы күштері Ирактағы АҚШ базасына зымыран шабуылын жасап болып, енді болуы мүмкін АҚШ-тың қайтарма соққысына дайындалып отырған. Демін ішіне тартқан осындай сәтте, Теһран кеңістігінде пайда болған шетелдік ұшақ оққа ілінген. Иран әскерилерінің түсіндіруінше осылай. Бұл қателік елдегі онсызда үкіметке деген булыққан ашу-ызаны өршітіп жіберді.

"Сондағы Трамптың айтқан сөзі".
Иран азаматтарының ереуілдеріне Батыс елдері, әсіресе АҚШ баса назар аударып отыр. Жексенбіде АҚШ президент Дональд Трамп "Твиттерде" парсы тілінде мәлімдеме жасап, Ирандағы ереуілшілерге қолдау көрсетті, әрі наразылық шарасын қалт жібермей бақылап отырғандарын айтты. Дүйсенбіде, АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпео да Ирандағы ереуілшілердің батылдығын жоғары бағалады және ереуілге қатысқандар санының таңқаларлық деңгейде екенін айтты.
VOA-дың жаңалықтар қызметі Теһран қаласында қауіпсіздік күштерінің көптеп топтастырылғанын хабарлады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер