11 қаңтар (сенбі) күні өткен Тайуанның президент сайлауында бұрынғы президент Цай Иыңвын ханым қайталай президент болып сайланды. Демократиялық Прогресс Партиясының өкілі Цай ханым билік кезінде дербестік үшін талпыныстарымен әйгілі болған еді.
Демократиялық сайлау қорытындысына сәйкес Цай Иыңвын сайлаушылардың 57,1 пайыз дайысына ие болып, сайлаудағы басты қарсыласы Ұлттық Партия өкілі Хан Гоюды айқын басымдықпен жеңіп шықты. Тайуандағы ең қалталы адам ретінде танымал Хан Гою болса сайлау кезінде өзінің түбірлі экономикалық реформалар туралы жобасы арқылы қолдаушыларын көбейткен еді.
Алайда, Гонконг жағдайынан кейін дербестік пен Тайуан демократиясын табанды дамыту ұстанымындағы Цай Иыңвын президент сайлауының жеңімпазы болды. Кезекті сайлауда оған 8 млн 170 мыңнан астам тайуандық дауыс беріп, ел тарихында ең көп дауыс жинаған президент болып қалды.
Тайуандағы президент сайлау нәтижесі жариялана салысымен Америка Құрама Штаттарының бірқатар жоғары лауазымды тұлғалары президент Цайды құттықтады. Тіптіт, Мемлекеттік департамент ресми құттықтау жолдады. Мемлекеттік хатшы Помпео Тайуандағы демократиялық сайлау өңірдегі тұрақтылық пен демократияның дамуына ықпал ететін маңызды шешім болғанын айтқан.
Айта кетейік, Тайуан президент сайлауы кезінде Қытай билігі сайлау нәтижесіне әсер ету үшін әлеуметтік медиалар арқылы шабуыл жасады деген ақпараттар да тараған болатын.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді