Мемлекет басшысы бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады. Президент пен бас прокурор азаматтардың конституциялық құқығын қорғау, қылмысқа қарсы күрес пен қылмыстық процеске цифр технологиясын енгізу және басқа да мәселелерді талқылады.
Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарға қарағанда, кездесу барысында бас прокурор қадағалаушы органның биылғы жұмысының қорытындысы мен еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндады.
Ғизат Нұрдәулетовтің айтуынша, Қазақстанда қылмыс деңгейі төмендеген. Бас прокурор президентке азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және қылмысқа қарсы күрестің өзекті мәселелері мен қылмыстық процеске цифр технологиясын енгізу туралы да мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам өміріндегі барлық сала бойынша заң үстемдігін қамтамасыз ете беру қажет екенін айтып, бірнеше нақты тапсырма берді.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр