Алматы қаласы прокуратурасының хабарауынша, ведомство талабымен «Олимп» сауда белгісімен қызметін жүзеге асыратын «Олимп.kz» букмекерлік кеңсесі» ЖШС және «Alpha-bet» ЖШС-ға тағайындалған салықтық тексерістің нәтижесінде төленбеген сома көлемі анықталды.
Алматы қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы 5 ай бойы жүргізген тексеріс қорытындысы бойынша, соңғы 5 жылда ойын бизнесі салығын дұрыс төлемеу мәселесі анықталды. Тиісінше «Олимп.kz» ЖШС – 62 миллиард теңге, ал «Alpha-bet» ЖШС – 83 миллиард теңге төлеу міндеттелді.Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратурамен бірлесе отырып, ақша қаражатын Қазақстаннан тыс жерлерге заңсыз шығару арналарын анықтап, бұғаттаған.
Қалалық прокуратураның хабарламасында «заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша «Олимп» букмекерлік кеңсесіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды» делінген. Сондай-ақ Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «Onlybet» ЖШС және «Alpha-bet» ЖШС лицензиясын тоқтата тұру туралы шешім шығарған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел