Бүгін, Қазақстанның Тәуелсіздігі күні белгілі азаматтық қозғалыстармен бірге «Oyan, Qazaqstan» еріктілер ұйымының жастары да Алматыдағы «Тәуелсіздік монументінің» алдына бейбіт митингке шықты.

Фото: QT.
Бейбіт шеруге шығуға ресми рұқсат алуды қажет деп санамайтын азаматтық қозғалыстың белсенділері қолына «Ұмытылмас 1986, 2011», «Авторитаризмнен көктемге», «Жастарға жол беріңіздер», «Парламенттік республика» деген жазуы бар баннерлер ұстап келді. Елде саяси реформалар жүргізуге және президенттік билік түрінен парламенттік басқаруға көшуге шақырып жүрген жастар «Оян, Қазақстан!», «Назарбаевсыз Қазақстан» деп айғайлады.

Фото: QT.
Акия барысында сөз сөйлеушілердің бірі, оянқазақстандық:
– Біз бүгін әділетсіздікке, режимнің тирандығына қарсы күресуге шықтық. Жаңаөзенде жұмысшыларды атқан кезде құрбан болғандарды ұмытқан жоқпыз... Біз елімізде ешкім саяси көзқарасына бола қудаланбауы үшін күресуге әзірміз. Шынайы тәуелсіз болатын күн келетініне сенеміз, – деді Айзат Әбілсейітова.
Әсем Жапишеваның сөзіне қарағанда, шеруден кейін белсенді Айзат Әбілсейітованы Медеу аудандық полиция департаментіне алып кеткен.

Фото: QT.
Ал ұйымның facebook парағандағы жарияланған мәлімдемесінде: «Біз Заманбек Нұрқаділов пен Алтынбек Сәрсенбаевтың саяси өлітірілуін қалай ұмытпасақ, Жаңаөзен қаласындағы жұмысшылардың қырғынын тура солай ұмытпадық. Сіздердің не істегендеріңізді жақсы білеміз. Біздің елде ешкім және ешқашан саяси көзқарастар үшін қудаланбауы және өлтірілмеуі үшін күресуге дайынбыз. Тәуелсіздік – бұл сыртқы және ішкі жаудан еркін болу. Уақыт келгенде нағыз Тәуелсіздіктің таңы атады», – делінген.

Фото: QT.
Спикерлердің сөзіне араласып, жұрттың тарауын сұраған әкімдік-прокуратура өкілдеріне жиналғандар бұған жауап ретінде «Оян, Қазақстан!» деп ұрандасты.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр