ҚР-ның бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев ертең, 16 желтоқсан, Тәуелсіздік күні өтуі мүмкін митингке қатысушылардың "жазаланатынын" ескертті.
Қазақстан билігі халыққа 16 желтоқсанда митингіге шықпау туралы ескерту мәндегі үндеу жасады. Дембаевтың ресми мәлімдемесінде «бас прокуратураның түсіндіру жұмысына қарамастан жеке адамдар, соның ішінде шетелде жүргендер әлеуметтік желі арқылы алда келе жатқан мереке күні заңсыз митингіге шақырып жатыр. Бұл адамдар «Бейбіт митинг өткізу» заңын бұзып отыр. Олар заңға сай митинг өткізетіндерін айтып, он күн бұрын жергілікті органдарға өтініш берген жоқ» делінген.
Ведомство өкілі «митинг туралы хабарланғанға дейін ұйымдастырушылар белгіленген күнге дейін 10 күн бұрын жергілікті атқарушы органдарға жазбаша өтініш бермегенін» алға тарта отырып, ертең өтуі мүмкін тағзым жиынын «заң талабын айқын бұзады» деп біледі.
Қысқа қайырып айтқанда, прокуратура «Тәуелсіздік күні санкцияланбаған митинг ұйымдастырушылар мен қолдаушылар әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық байқалады, ал олар қандайда бір елеулі зиян келтірсе – қылмыстық жауапқа тартатынын» ескерткен. Бас прокурордың орынбасарының сөзінше, ел халқын «арандатушылық жасамауға, қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және заңсыз митингілерге қатысудан бас тартуға шақырады».
Әдетте, Қазақстан билігі рұқсат етілмеген митинг-шерулерге қатысушы азаматтарды жаппай ұстап, оларды "заң шеңберінде" әртүрлі жауапкершілікке тартады. Қазақстан соты тыйым салған «Қазақстанның демократиялық партиясы» шақырған жалпыұлттық шеруді құзырлы органдар заңсыз деп санайды. 1986 жылы және 2011 жылы болған қайғылы оқиға күні елдегі «Оян, Қазақстан», «Қазақстанның демократиялық партиясы» және «Халық құрылтайы» азаматтық-саяси қозғалыстары да алаңға тағзым етуге шығатынын хабарлаған еді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді