Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына бірқатар шет мемлекеттерден құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсті. Бұл туралы ресми Ақорда сайтында жарияланды.
Құттықтау хатты алғашқылардың бірі болып АҚШ президенті жолдаған. Дональд Трамптың құттықтау хатында: «Берік серіктестігіміздің арқасында соңғы 12 ай ішіндегі қол жеткізген жарқын жетістіктерімізді зор қуанышпен атап өткім келеді. Біздің ядролық қаруды таратпаудан бастап терроризмге қарсы күреске дейінгі мәселелерді шешу ісіндегі ынтымақтастығымыз әлемді едәуір қауіпсіз әрі тұрақты етті», – делінген. Сонымен қатар, Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан президенті ретінде Тәуелсіздік мерекесін алғаш атап өтіп отырғанын айтып: «Америка Құрама Штаттары сізбен және Қазақстан халқымен жемісті жұмыс істеуге дайын. Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында Қазақстанның болашағы жарқын әрі табысты болады деп сенемін», – деген.
Осы сарында хат жіберген басшылар қатарында Аустралия Одағының Генерал-Губернаторы Дэвид Херли, Үндістан президенті Рам Нат Ковинд, Испания Королі Фелипе, Сингапур Республикасының президенті Халима Якоб және Австрия президенті Александр Ван дер Беллен де бар.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр