Президент Тоқаев Ұлттық банкті қайта құру туралы жарлыққа қол қойды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тарап, қайта құрылатын болады.

Жаңа мемлекеттік орган Алматы қаласында орналасады. Агенттік қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғайды, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етеді және қаржы нарығын реттейтін болады. Ұйым азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

Жарлықта көрсетілгендей, агенттік тікелей президентке есеп береді. Ал агенттік төрағасы бұл қызметке алты жылға тағайындалады.

Құрылымы мен штат санын тек президент бекітеді. Жарлық бойынша жалпы штат саны 547 орыннан тұрады.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков көктемде «қаржы секторын реттеу жөніндегі тәуелсіз орган құру туралы заң жобасын» таныстырып, парламент оны алғашқы оқылымда-ақ бірауыздан мақұлдаған. «Ұлттық банк пен Агенттіктің қызметі тиянақты түрде, оның ішінде басқару органдарында өзара өкілдік ету арқылы үйлестіріледі. Агенттік республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Еңбекақы төлеу жүйесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді, ал қызметшілердің мәртебесі Ұлттық банк қызметшілерінің мәртебесіндей болады», – деп хабарлаған Смоляков. Ал банк төрағасы Ерболат Досаев аталған агенттікті құруға 10 млрд теңге сұраған. Ведомство қаржы нарығын реттеу және дамыту, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау функцияларымен айналысады.

Бұрын Қазақстанда қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі (ҚҚА) жұмыс істеді. 2011 жылдың сәуірінде жойылып, мемлекеттік агенттіктің функциялары мен өкілеттіктері Ұлттық Банкке берілді.

"The Qazaq Times"