Уашингтон Қытайдың Гонконгтегі әрекетіне алаңдаушылық білдіріп, Бейжіңді аймақтағы ережеге негізделген халықаралық тәртіпті бұзды деп қатаң айыптап отыр.
АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер Вьетнамға ресми сапарында Гонконгтегі қақтығыстарға қатысты мәлімдеме жасады. Қытай көрші елді әдейі қорқытып отыр деген Пентагон басшысы: «Қытайдың заңсыз әрекеттері басқа елдердің табиғи ресурстарға қол жетімділігіне қауіп төндіріп келеді. Аймақтық энергетикалық нарықтардың тұрақтылығын бұзып, Гонконгтегі ққақтығыстарға сеп болып отыр», — деді.
Вьетнам сапарында Эспер келесі жылы АҚШ Вьетнамға Гамильтон класты екінші ірі теңіз патрульдік кемесін тапсыратынын да айтты. Бұл Ханойдың қандай да бір шиеленістер жағдайында өз егемендігін алу мүмкіндігін арттырады.
Осы жолы АҚШ Вьетнамның әскери-теңіз күштерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектесетін 18 ұсақ патрульдік қайықты тапсырды. Келесі жылы Ханой тағы 24 кеме алмақ. Қайықтарды жеткізу вьетнам-американдық жобасына сәйкес жүзеге асырылады: Вьетнам әскери-теңіз күштерінің табиғи апаттарға, төтенше жағдайларға жауап беруге дайындығын арттыруға бағытталған.
Гонконгтегі жаппай наразылық шерулері маусымда басталған. 16 маусымда 2 миллионға жуық адам наразылық шеруіне шыққан еді. Бұл ел тарихында болмаған массалық наразылық акциясы. Осы сынды ауқымды наразылық шеруі Гонконгте 1997 жылдан бері болған емес. Сол тұста Британия үкіметі Гонконгті Қытай үкіметінің айрықша басқару тәртібіне өткеріп берген болатын. Бұған наразы жүз мыңдаған адам көшеге шығып, ҚХР билігін қабылдауға қарсы наразылық білдірген. Гонконгта жергілікті әкімшілік басшысы Кэрри Лам заң жобасын күн тәртібінен алып тастау туралы шешім қабылдады, бірақ бұл үкіметке қарсы наразылық толқынын тоқтатпады.
Қазіргі уақытта Гонконгте апта сайын жалғасын тапқан халық шерулерін АҚШ, БҰҰ өкілдері, шетелдік агенттіктер бақылап отыр.