Бүгін таңертең «Шымкент бас автопаркінің» 50-ге жуық қоғамдық көлік жүргізушісі жиналып, жұмысқа шығудан бас тартатынын мәлімдеді.
Азаттықтың хабарлауынша, наразы жүргізушілердің негізгі талабы – жалақыны уақытында алу және оны өсіру. Бес бағыт бойынша жүретін автобус жүргізушілері әлі кнге дейін қазан айының жалақысын алмаған.
«179 сағат жұмыс істедім. 16 смена. Оған 59 666 теңге шыққан. Зейнетақыға 5 666 теңге ұстады. Табыс салығын ұстады. Сонда 53 мың теңге таза қолымызға алдық. Оған қалай күн көреміз?» - дейді жүргізуші Сәкен Айтуаров.
«24 сағат онындамыз. Көлік жуу бар, касса өткізу бар. Таңғы сағат төртте тұрамыз. Бір күн жоспар өткізбей көрші, жұмысқа шығармайды. Біздің қадіріміз қайда? Айлығымыз қайда? Біздің бала-шағамыз жоқ па? Оларды қалай асыраймыз?» - дейді кондукторлардың бірі.
Жиналған жүргізушілер алдына бас директор шығып, жалақының кешігіп жатқанын растап, компанияның жағдайы күрделі екенін айта кетті.
«Маршруттардың 70 пайызы өзін-өзі өтемейді. Мұны жұмысшылардың бәрі біледі. Бұлардың айлықтарына жетпейді. Бірақ соған қарамастан кешіктіріп беріп жатырмыз», - деді «Шымкент бас автопаркі» компаниясының директоры.
Оқиға орнына полиция келіп, бақылап тұр. Қалада 12 бағыт бойынша жұмыс жасайтын «Шымкент бас автопаркінде» 480 жұмысшы бар.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы