2005 жылғы наурыз айында «Қызғалдақ төңкерісі» деген атпен танымал оқиға құрбандарына арнап тұрғызылған ескерткіштің ашылу салтанатында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев «елде үшінші революция болмайды» деп мәлімдеді. Бұл туралы "Орталық Азия хабар қызметі" жазады.
«Владимир Путинмен бірге өткізген баспасөз мәслихаты кезіндегі менің қалжыңым сәтсіз шыққан сияқты. Бірақ Қырғызстанда үшінші революция болмайды. Маған сеніңіздер. Қазір мүлдем басқа елміз. Революция жасауға негіз жоқ. Егер кімде-кім елді дүрбелеңге салғысы келеді, заң алдында жауап береді. Ойын уақыты аяқталды»,- деді Атамбаев.
28 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Бішкекке ресми сапармен келген кезде, Алмазбек Атамбаев революцияларға «нүкте қойылды» деген болатын.
Қырғызстанның осыған дейінгі екі президенті — Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиев — үкіметке қарсы наразылық акциясынан кейін, биліктен тайдырылған, екеуі де шетелге қашып кеткен.
«Екі революцияның лидері де Атамбаев болды. 2005 жылы «Ақ үйді» алған сап Атамбаева үлесіне өтті, 2010 жылы да, егер естеріңізде болса, наразы азаматтар қайда жиналып еді? «Форум» кеңсесінде. Егер үшінші революция болса… Мен оны жасамаймын», — деп мәлімдеген сол кезде Атамбаев.
“The Qazaq Times”