Ресей президенті Владимир Путин келер жылдың қаңтарда Анкараға ресми іссапармен бармақ. Бұл туралы Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибрагим Калын хабарлады.
«Путиннің Түркияға сапары қаңтардың бірінші аптасына жоспарланған. Президенттер «Түрік ағымы» бойынша жұмыстардың аяқталуына арналған кездесуге қатысады, сондай-ақ екіжақты қатынастарды талқылайды», — деді Калын
22 қазанда Ресей мен Түркия президенттері Сочиде өткен кездесуде Сүрияның солтүстік-шығысындағы жағдайды реттеу бойынша бірлескен әрекеттер туралы меморандум қабылдады. Күрд қарулы күштеріне 29 қазанда Түркия шекарасынан оңтүстікке қарай 30 шақырымдық аймақты толығымен босату тапсырылды. Ультиматумның аяқталған күні Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу күрд қарулы құрылымдарының қауіпсіздік аймағынан шығарылуы мерзімінен бұрын аяқталғанын хабарлады.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр