2020 жылы қазақтың ұлы ақыны Абайдың ескерткіші әлемнің бірқатар елінің астанасында орнатылмақ.
ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің таратқан мәліметі бойынша, сыртқы саясат ведомствосы қазақ ақыл-ойының алыбы һәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарасаңында Аустрия, Италия, Германия, Болгария, Ресей, Грузия, Үндістан, Латвия, Моңғолияның бас қалаларында қазақтың ұлы ақынының ескерткішін орнату мәселесін қолға алған.
«Осы ретте Қазақстанның Ресейдегі елшілігі 2006 жылы Мәскеу қаласында ашылған Абай ескерткішін заман талабына сай өзгертіп, жаңа үлгіде қайта жасап орнату туралы ұсыныс енгізіп жатыр. Мәдениет және спорт министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі шетелдерде ұлы ақынның 8 ескерткішін орнатуға атсалысуын сұраймыз», – делінген министрлік ақпаратында.
Бұған дейін Ақордада мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Абайдың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өткен болатын. Сол жиында 2020 жылдың 8 қаңтарында елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған салтанатты шара өтетіндігі белгілі болған еді.

Абай ескерткішінің түбіне жиналған наразы белсенділер. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді