Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция саясаткерлерімен ресми кездесу өткізді.

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, Қазақстан мен Франция арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың даму перспективалары, соның ішінде Франция президенті Эммануэль Макронның алдағы уақытта Қазақстанға жоспарланған ресми сапарының барысы талқыланды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, Франция президенті Қазақстанға ресми іссапар жасамақ.

Қазіргі уақытта Қазақстан Франциядан электр, электрондық және механикалық жабдықтарды, тұтыну тауарларын, дәрі-дәрмектер мен косметиканы, автомобильдерді, азық-түлік жне құрылыс материалдарын импорттайды. 1993 жылдан бастап 2012 жылдың 21 наурызына дейін Франциядан Қазақстанға келген тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 9,25 млрд. астам доллар болған.

Ал 2010-2012 жылдары 7 ірі бірлескен жоба іске асырылды:
— Франциялық аэробустар үшін бөлшектерді шығару бойынша Өскеменде және Францияда бірлескен кәсіпорын құрылды;
— Алматы облысында «Danon» сүт компаниясының өнімдерін шығаратын зауыт салынды;
— Жамбыл облысындағы цемент зауыты пайдалануға берілді;
— «Химфарм» АҚ-да Эссенциале препаратының өндірісі ретке келтірілді; - Өскеменде және Астанада металлургиялық кремнийдің өндірісі іске қосылды;
— Қазақстан-Франция технологиялар трансфертінің орталығы іске қосылды;
— Ақшабұлақ кен орнында газ-турбиналық электр стансысы салынды.

"The Qazaq Times"