Ресей астанасында өткен «Мәскеу премьерасы» халықаралық кинофестивалінде отандасымыз белгілі режиссер Әмір Байғазиннің «Река» фильмі бас жүлдені қанжылаған.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі артхаус бағытында еңбектеніп келе жатқан, тәуелсіз авторлық фильмдерімен отандық киноматографияда бағын сынап жүрген жас режиссер Әмір Байғазиннің «Река» фильмі байқаудың бас жүлдесін (гран-при) жеңіп алғанын сүйіншілей жариялады. «Мәскеу премьерасы» фестивалі 29 қазаннан 3 қарашаға дейін «Горизонт» кинотеатрында өткізілген. Оған Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Молдова, Украина, Грузия, Латвия, Эстония, Ресей елдерінің киноматографтары қатысты. Фестиваль аясында толық метражды және қысқа метражды фильмдердің байқауы болып, әрі «Халықтар достығы» циклінде бұрынғы үздік фильмдер, бірлесе шығарылған кинолар көрсетіліпті. Фестивальде негізгі қазылар алқасынан бөлек, Ресей киноклубтарының қазылар алқасы да картиналарға бағасын беріп отырды. Бұған дейін 75-ші Венеция кинофестивалінде «Көкжиектер» бағдарламасының «Алтын арыстан» жүлдесін жеңіп алған «Река» фильмі бұл жолы да үздік деп танылды. Қазақстан атынан Сергей Дворцевойдың «Айка» және Әділхан Ержановтың «Риэлтор» фильмдері байқаудан тыс көрсетілім аясында көрермендерге ұсынылды. Қысқа метражды фильмдер байқауына жас режиссерлар Елдар Шибановтың «Зоопарк» және Шұғыла Сержанның «Самал» фильмдері қатысқан.
Бұған дейін 2017 жылы қазақстандық режиссер Әмір Байғазиннің «Жаралы періште» көркем фильмі Словакияның Кошица қаласында өткен 24-ші Халықаралық «Art Film Fest» кинофестивалінде «Үздік режиссер» жүлдесін жеңіп алған болатын.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел