Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше тиісті мекемелерге мас күйінде көлік жүргізушілер мен мал ұрлаған адамдарға, браконьерлерге қатысты бірқатар тапсырмалар бергенін мәлімдеді.
Мемлекет басышысы Twitter-дегі парақшасындағы жазбаларында:
- «Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет».
- «Браконьерлер табиғат байлығы – киіктерді аулауды тоқтатпай отыр. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері 3 мыңға жуық (!) киікті өлтірген қылмыскерлерді құрықтады. Қаскөйлер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылуы тиіс. Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттерге тоқтау салуы керек».
№184 жарлықтан туған қоғамдық даудан кейін Тоқаевтың мұндай «белгіленген» мәселелермен айналысуын сарапшылар мен азаматтық қоғам түрліше түсініп, қабылдап жатыр.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел