Ұлыбритания премьер-министрі парламенттің төменгі палатасын мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу жөнінде ұсыныс білдірді. Бұл туралы ВВС хабарлады
Аталған саяси шара биыл 12 желтоқсанда өткізілуі мүмкін. британия премьер-министрі Борис Джонның айтуынша, саяси дағдарыстан алып шығудың бірден бір жолы – мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу. Сонымен қатар, сайлаудан кейін Біріккен Корольдіктің Еуропалық одақпен және Солтүстік Ирландиямен шекара мәселесі де шешім табады.
Негізінен Солтүстік Ирландияның ЕО-ға қарасты бірыңғай кедендік аймағында қалуы Джонсон ұсынған Brexit бойынша жаңа жоспарға толығымен қайшы келеді. Британдық премьердің ұсынысы «бэкстоп» режиміне балама саналады. Яғни аталған жоспар ЕО мен бұрынғы премьер-министр Тереза Мэй Үкіметі арасында қол жеткізілген келісімнің бөлігі саналады. Бірккен Корольдіктің премьері Борис Джонсонның ұсынысына сәйкес, Солтүстік Ирландия өтпелі кезең өткеннен кейін Кеден Одағы құрамынан біржолата шығады және осы аумақтағы тауарлардың барлық санатына жаңадан кедендік режим енгізілетін болады.
Ұлыбритания ЕО-дан биыл 29 наурызда, яғни қауымдастықтан шығу туралы жазбаша хабарлама берілгеннен кейін екі жыл өткен соң кетуі керек еді. Алайда британ Парламенті Қауымдар палатасының депутаттары Брюссель мен бұрынғы премьер-министр Тереза Мэй үкіметі арасында қол жеткізілген Brexit шарттары туралы келісімнің жобасын үш рет кері қайтарған. Нәтижесінде Еуропалық одақ Brexit-ті алдымен сәуір немесе мамырға, содан кейін 31 қазанға бекітуге келісті.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес