Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо бастаған либералды партия парламенттік сайлауда жеңіске жетті, бірақ елдің заңнамалық органының төменгі палатасында яғни қауымдастықтар палатасында көп дауыс иеленген жоқ.
Reuters мәліметінше, Либералдар үкіметін жинақтау үшін 170 мандат қажет. Ұлттық сайлау комиссиясының соңғы мәліметтеріне сәйкес, либералдарға 338 сайлау округінің 156-інде сайлаушылардың 33,0%-ы дауыс берді. Консервативті партия 122 округте қолдау тапты (34,5%). Үшінші орында 32 округ бойынша басымдыққа ие болған «Квебек блогы» (7,9%), одан кейін жаңа демократиялық партия (15,9%).
Негізінен Канадада 27,4 млн адам дауыс беру құқығына ие. Қазіргі уақытта 97% бюллетень өңделген. Бірақ онда дауыс беру күні тіркелген сайлаушылар ескерілмейді.
Кезекті 43-ші парламенттік сайлауға дауыс беру дүйсенбіде мәресіне жеткен болатын. Соңғы сайлау учаскелері елдің Тынық мұхит жағалауындағы жергілікті уақыт бойынша дәл 19:00 жабылды. Жеңіске жеткен партияның көшбасшысы Канаданың премьер-министрі міндетін атқарады.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау