Британияның бас уәзірі (премьер-министрі) Борис Жонсон (Джонсон) Брюссельдегі келіссөзде жеңіп шықты. Британияның Еуропалық Одақтан шығуы туралы жаңа келісімді қабылдатты. Бірақ, бұл жаңа жобаның Британия Парламентінде қолдау табуы екі талай.
Брюссельде ЕО лидерлері Британияның одақтан шығуы туралы редакцияланған жаңа келісімшартты мақұлдады. Бұрынғы премьер Тереза Мэй ұсынған жобаға бірқатар өзгерістер енгізілген. Алайда, британиялық ақпарат құралдары «Жонсон Брюссельде жеңіске жеткенімен, Лондонда жеңіліс табады» деген пікірде.
Ертең «Жаңа Брексит» жобасын Британия Парламенті қарап дауыс береді. Егер олар жаңа жобаны қолдаса, онда бәрі де оңай болмақ – Еуропалық Одақ келісімді ратификация жасайды; ЕО кеңесі қолын қояды, сонымен қазан айы аяқтала сала Британия ЕО-ның мүшесі болмай шыға бермек.
Бірақ, Жонсонның жеңіспен оралған жаңа жобасы бұрынғы Тереза Мэй жобасы секілді Лондонның мақұлдауынан өтпеуі мүмкін деген пікірлер көп. Алайда, мүлде қабылданбай қалады дегенге де ешкім кепілдік берме алмайды.
Борис Жонсон Брюссель сапарынан кейін: «Мен депутат әріптестеріміз енді бірлесе отырып, «Брекситті» соңына шығарады деп үміт етемін. Біз брекситті жүзеге асырып, ЕО-мен ынтымақтасқан болашақтың жаңа жобасын құратын уақыт келді», – деген.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді