Түркия мен АҚШ Сүрияның солтүстігіндегі әскери операцияны тоқтатуға келісті. Бұл жөнінде Анкарада өткен кездесудің қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты кезінде Түркия президенті Режеп Ердоған мен АҚШ вице-президенті Майкл Пенс мәлімдеді. Бұл туралы Сentralasian жазды.
Әскери операция 120 күнге тоқтайды. Осы аралықта күрд жасағы соғыс алаңын тастап шығуы тиіс. Сосын барып Анкара операцияны аяқтай алады.
Пенстің сөзінше, Вашингтон Анкараға жаңа санкциялар салуға ниетті емес.
"Түркиядан жақсы жаңалық!.. Миллиондардың өмірі сақталады", - деп жазды АҚШ президенті Дональд Трамп твиттер парақшасына.

Пенс пен Ердоғанның кездесуі екі жарым сағатқа созылды. Бастапқыда Түркия президенті АҚШ өкілімен кездесуден бас тартқан. Кейін райынан қайтты. Ол Америка салған санкциялардан қорықпайтынын да жеткізген.
Түркия 9 қазанда Сүрияның солтүстігіне әскери операция бастаған. Анкара күрдтердің қарулы әскерін террористер деп есептейді. Вашингтон керісінше "Ислам мемлекеті" террористік ұйымымен күресте күрдтермен одақтас болды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті