Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Қазақстанның киелі жерлері» бағыты бойынша журналистика факультеті мен «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Киелі Алтай» фотокөрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
Биыл шілдеде Шығыс Қазақстан облысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің қолдауымен «Киелі Алтай: Берел-2019» атты республикалық фото блог-тур өткен болатын. Аталған фотокөрме блог-тур аясында ұйымдастырылып отыр.

Осы ретте республикалық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің оқытушысы Асылхан Әбдірайымұлы: «Біздің мақсатымыз – шығыс өңірінің киелі жерлерін, атап айтқанда «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайын жас фотографтардың көзімен түсіріп, көпшілікке ұсыну. Болашақта осы суреттерді Алматыда ғана емес, Өскеменде, Семейде фотокөрмеге қоюға, әрі осы өңірдегі туризм саласына үлес қосу, ат салысу, насихаттау жұмыстарын жжүргізуді мақсат етеміз. Бір сөзбен айтқанда, осындай табиғаты керемет тарихи жері бар өңірді елімізге және әлемге таныстыру», — деп тоқталып өтті.

Фотокөрмеден кейін Алтай аймақтық фотосуретшілер қоғамы төрағасының орынбасары, Қазақстан «Фотоөнер» қоғамдық-бірлестігінің мүшесі, фотоөнер магистрі Серік Мұқышұлының журналистика факультетінде шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сағатында деректі фотоның қыр-сыры түсіндіріліп, бүгінгі фотожурналистиканың жетістіктері мен кемшін тұстары талқыланды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті