Түркия Сүрияның солтүстік-шығысында әскери операцияларын бастау алдында тұр. Бұл туралы жексенбі күні Америка Құрама Штаттары тарапынан ресми мәлімдеме жасалды. Мәлімдеме алдында АҚШ пен Түркия президенті телефон арқылы сөйлескен.
АҚШ осыдан бұрын Түркия әскери операция жасағалы отырған аймақтан өз әскерін шығарып кеткен болатын. Мәлімдемеде: «Түркия көптен бері айтып келген Сүрияның солтүстік-шығысындағы әскери операцияларын бастайды. АҚШ армиясы әскери әрекеттерге килікпейді және ешқандай көмек көрсетпейді. Құрама Штаттар өз әскерлерін өңірдегі «Ислам мемлекеті» террорлық тобының лаңкестері жойылғаннан кейін аймақтан шығарып кеткен», – делінген. Алайда, АҚШ тарабы Түркия әскерлері жағынан қолға түскен аталмыш террорлық топ лаңкестеріне жауапты болмақ.
Соңғы жылдары Түркияның Сүриядағы әскери операциялары нәтижесінде «Ислам мемлекеті» террорлық тобының лаңкестерінің саны көбейді. Қолға түскен лаңкестерді елдеріне қайтару қиындықтарға ұшырады. Себебі, Франция, Британия, Германия және басқа да Еуропа елдері өздерінің лаңкестік топқа мүше болған азаматтарын кері қайтаруға мақұлдық бермей келді. АҚШ-тың оларға жауапкершілік етеміз деуі де аса маңызды.
Айта кету керек, бұл ретте Орталық Азия елдері белсенділік танытты. Қазақстан бастаған (Арнайы «Жусан» операциясы секілді) үрдіспен, Өзбекстан, Тәжікстан өздерінің жүздеген, ондаған азаматтарын еліне қайтарды. Соңғы кездері Қырғызстан да осындай қадамға талпыныс жасап жатыр.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр