Америкалық жасөспірім Арканзас штатындағы мемлекеттік қорықта салмағы 7,44 карат болатын алмаз тауып алды.
Бұл құнды тастың иесі Калел Лэнгфорд есімді14 жасар мектеп оқушысы. Өткен сенбіде Калел отбасымен "Алмазды кратер" мемлекеттік паркіне қыдырып келген болатын. Бұл аймақта кез-келген келушілер алмаз іздеп, өздерінің бақтарын сынай алады. Бұл табиғи аймақтың осылай аталуы да бекер емес.
Баланың әкесі: "Алмазды тауып алған кезде, келгенімізге тек жарты-ақ сағат болған еді. Алғаш тауып алғанда түсі қоңыр болған, содан біз оны алмаз болуы мүмкін деп те ойламадық". Бірақ кейін тауып алған тасты парк қызметкерлеріне көрсеткенде, баланың парктың тарихындағы ең ірі алмазды тауып алғандығы анықталған. Оның салмағы 7,44 каратты құрайды.
Жасөспірім тасты "Супермен Алмазы" деп атап, сатудан бас тартып, естелік ретінде сақтап қоюды жөн көрген.
Осы жылдың басынан бері бұл парктің аймағынан 97 алмаз табылған болатын. Ал АҚШ тарихындағы ең үлкен алмаз Арканзас шахтасынан 1924 жылы табылған. Салмағы 40,23 карат тас "Сэм аға" деп аталады.
«The Qazaq Times»