Мәскеу тарабы Түркияның Сүрияда қауіпсіз аймақ құру туралы ұсынысын қабылдамақ. Бұл туралы Түркия ақпарат құралдары жазуда. Осыдан бұрын Түркияда өткен «Үштік саммитте» (Түркия, Ресей және Иран) түрік президенті Режеп Тайып Ердоған Анкараның Сүриядағы қауіпсіз аймақ құру туралы ұсынысын ортаға салған болатын.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров кезекті мәлімдемесіне АҚШ-тың аймақтағы әрекеттеріне наразылығын білдірді және Анкараның ұсынысын қолдайтынын жеткізген. «Үштік саммитте» Сүрияның Түркиямен шекаралас аймағында қауіпсіз аймақтар құру, оған босқындарды орналастыру туралы мәселелер талқыланған болатын.
«Біз бірлесе жұмыс істеу мүмкіндіктерін ұсынамыз. Егер бірлесушілер болмаса, біз өзіміздің жолымызбен жобаны жүзеге асырамыз», – деген президент Ердоған бұдан бұрынғы мәлімдемесінде.
«Үштік саммит» бұған дейін бірнеше рет өткізілді. Ресей, Түркия және Иран арасындағы бұл кездесулер Батыс Азиядағы (Батысша Таяу Шығыс) АҚШ пен Батыс елдерінің ықпалына қарсы бірлесе әрекет етуді көрсетіп тұр. Сүрия мәселесінде үш тарап басты рөлге шыққаны белгілі.
Түркияның көздеген мақсаты көпке түсінікті. Анкара Сүрия жеріне әскер кіргізіп, өзіне қарсы күрд күштерін және бірқатар лаңкестік ұйымдарды талқандап, қауіпсіздігін нығайтуға тырысады. Сонымен бірге, әскери күшпен тазартқан аймақтарға еліндегі босқындарды орналастырмақ. Бұл бір есептен Түркияны босқындардан тазарту болса, екінші қырында Сүриядағы күрд күштерімен ортадағы буфферлік зона рөлін атқарады.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес