Оңтүстік кореялық "Йонхап" агенттігінің хабарына қарағанда, Солтүстік Корея сәрсенбінің таңында беймәлім жақын қашықтықтағы зымыран сынағын жасаған. Бұдан бұрын Солтүстік Кореяның СІМ тарабы АҚШ-пен ядролық келіссөздің қайта басталатынын мәлімдеген еді.
Ал, осыдан 22 күн бұрын ғана КХДР орта қашықтықтағы зымыран сынағын өткізді. Кезекті сынақты қосқанда Солтүстік Корея 11 зымыран сынағын өткерді.
"Йонхаптың" мәлімдеуінше, Солтүстік Кореяның кезекті қадамы АҚШ-тың Оңтүстік Кореяға әскери ұшақтарды сатып беру әрекетіне наразылығын білдіру. АҚШ Оңтүстік Кореяға келісілген F-35A ұшақтарын сатып берген болатын.
Ал, жапон ақпарат құралдары Солтүстік Кореяның ұшырған зымыраны Жапонияның маңызды экономикалық аймағына жақын су айдынына құлағанын жазды. Жапония қорғаныс тараулары Солтүстік Кореяның солтүстік-шығысындағы таулы аймақтан ұшырылған екінші зымыраны Жапон теңізіне құлаған болуы мүмкін деп қарайды.
Оңтүстік Корея ақпарат құралдары Солтүстік Кореяның кезекті әрекеті 5 қазанда басталатын АҚШ-КХДР келіссөзіне кері әсерін тигізеді деген пікірде.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?