Сауд Арабиясы халықаралық қауымдастықтан Иранға бағытталған қысымды арттыруды сұрады. Өткен апта соңындағы БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында баяндама жасаған Сауд Арабиясы СІМ басшысы мұнай нысандарына жасалған шабуылдарға байланысты Иранда айыптады және осыған орай Иранға қарсы қысымды күшейтуге шақырды.
Сауд Арабиясының СІМ басшысы Ибраһим бен Абдулазиз бен Абдулла әл-Ассаф Бас Ассамблеяның сессиясында сөйлеген сөзінде Иранның өңірдегі кеңейіп келе жатқан ықпалын тоқтатудың маңызы туралы көбірек тоқталды. Сауд Арабиясының Иранға қарсы қысымды арттыру туралы талаптарын Израиль тарабы да қолдайтынын білдірген.
Бұдан бірнеше жыл бұрын Израиль премьері Беньямин Нетаньяху Иран қаупінің күшеюі еврей мен араб одағының қалыптасуына ықпал етеді деген пікірін білдірген. Сол кезде бірқатар араб елдері күшейіп келе жатқан Палестин мәселесін алға тарта отырып, бұл пікірді орынсыз деп санаған. Алайда, өңірдегі Иран ықпалының артуы Сауд Арабиясы мен Израильге мүдделік ортақтықтар бере алды. Иранның бірқатар араб елдеріндегі ықпалы артқан сайын Израиль мен Сауд Арабиясы арасында байланыс күшейе түсті.
Теһран билігі болса, өңірдегі қайшылықтар мен қақтығыстардың басты қозғаушысы Сауд Арабиясы мен Израиль екенін айтады. Израильдің Палестинаны жаулау әрекеттері мен Сауд Арабиясының Йемендегі соғысы бұның басты дәлелі деп көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда осы үшжақты қайшылықтар арасында Орта Шығыс әлі де даулы аймақ күйінде қалып келеді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау