Африкалық босқындар Ливиядан қайтарылуда. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Мәліметтер бойынша, Ливиядағы босқындардың Руандаға қоныс аударуы БҰҰ, Африка одағы және Руанда арасындағы келісімге сай жүргізілуде. Қазіргі уақытта Руандаға БҰҰ-ның арнайы рейсімен 66 адамнан құралған босқындардың алғашқы легі келіп жеткен. Қоныс аударғандардың арасында 26 бала бар. Босқындар негізінен Эфиопия, Сомали, Джибути және Эритрея елдерінің азаматтары екен. Бастапқыда олар Еуроодақ елдеріне жетпек болған, алайда Ливия аумағында қолға түскен.
Жалпы миграция жөніндегі халықаралық ұйым келтірген дерек бойынша 2019 жылдың басынан бері Жерорта теңізі арқылы Еуропаға 68 мың мигрант келген. Оның 970-сі жолда қаза тапқан.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті