АҚШ-тың Ғарыш агенттігі Үндістанның Айды барлау жобасы сәтсіз аяқталғанын мәлімдеді. NASA жасаған мәліметке қарағанда, Үндістанның Айға ұшырған «Чандраян-2» аппараты Ай бетіне құлаған.

NASA өзінің «Твиттер» парақшасында жариялаған суреттерде аппараттың Ай бетіндегі қонатын аумағын көрсетеді, бірақ аппараттың нақты қайда құлап түскені анық емес.

Үндістан ұшырған «Чандраян-2» (Ай спутнигі – 2) 7 қыркүйекте Айдың оңтүстігіне жеткен болатын. Қонуға жақын қалғанда (Ай бетіне 2,1 метр) аппараттан техникалық ақаулар пайда болып, байланыс үзілген. Үндістан бұл ғарыш аппаратын жасап шығаруға 150 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаржы жұмсаған. Егер жоба сәтті болғанда Үндістан Айдың оңтүстік бетіне қонған алғашқы ел ретінде тарихта қалар еді.

Соңғы жылдары Үндістан ғарыш барлау саласын бар күшімен дамытып келеді. Ел премьері Моди де ғарыш саласын дамыту елдің басты бағытының бірі болатынын айтқан. Бірақ, ел оппозициясы ғарышқа шашқан қаржыны елдегі кедейлердің жағдайын жақсартуға жұмсау керек деп қарайды.

 

“The Qazaq Times”