М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында жаңа қойылым! Премьерасы 17, 19, 25 наурыз күндері М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында жаңа қойылым М.Омарованың "Көмбе нанның дәмі" спектаклінің премьерасы болады. Қоюшы-режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алма Кәкішева.
Ертең, 17 наурыз күні тұсауы кесілетін «Көмбе нанның дәмі» спектаклі сонау соғыс жылдары тылда қалған халықтың басындағы нәубет халді суреттейді. Нәубат майдан елдегі ер-азаматты түгел сыпырып алып кеткенде, барлық қиямет-қиыншылық ауылдағы шал-кемпірдің,бала-шаға мен әйелдердің мойнына қыл шылбыр болып ілінді. Сол бір кез тағы бір сұмдығымен тарихта қалды. Ол – кеңес өкіметінің саясатына қайшы болып көрінген ұлттарды туған жерінен айырып, басқа мекенге депортациялау болатын. Жер аударылғандар қазақ ауылына келді. Ел мен елдің, ұлт пен ұлттың бауырласуы, ұлтымыздың қонақжайлығы спектакльге арқау болды. Туындыда қазақтың өзі қайғыдан қан жұтып, аш-жалаңаш отырса да, пана іздеп келген жұртты сыртқа теппей, аялы алақанын қалай ұсынғаны баяндалады.
"Көмбе нанның дәмі" драмасы "Театр көктемі - 2017" фестиваліне қатысады. Ал фестивальдің қорытындысы 18 наурыз күні сағат 16:00 де белгілі болады.
«The Qazaq Times»